Жаңалықтар

Елде жаппай митинг өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 80 адам қамалды

Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында өткен митингтер туралы түсініктеме берді.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында өткен митингтер туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Бас прокуратураның ресми хабарламасына қарамастан, санкцияланбаған митингілер мен азаматтардың жиналуы орын алды.

Акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірлерін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілді.

Алайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адамдар өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған «ДВК» экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді.

Жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды.

Нәтижесінде елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 азамат жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілетін болады.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады», деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Дереккөз: zakon.kz

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *