Атырау, Caspian News.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орайластырылған жаппай велошеру шарасы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды. Әкімдік таратқан ақпаратқа сенсек, ертең жауын-шашын түсуі мүмкін. Ал бұл велосипедшілердің асфальтта жүруіне қауіпті болады екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның енді нақты қай күні өтетіндігі алдағы уақытта қосымша хабарланбақ.
