Жаңалықтар

БІР ТӘУЛІКТЕ 92 АДАМ

Атырауда бірден 92 адам вирус жұқтырды. Оның тек екеуі қалада, ал қалғаны түгелдей Теңізде тіркелген. Өңірде COVID-19-ға шалдыққан 432 адамның 83 пайызы аталған кен орнының жұмысшылары. Олардың 2000 адаммен байланысқандығы, сондай-ақ, 17 ауру ошағы анықталды. Науқастар   карантиндік стационарға жатқызылған. Еске салсақ, инфекцияны таратпау мақсатында Теңізшевройл компаниясы 17 мың адамды уақытша жұмыстан босатуды бастап, бүгінде олардың 16 мыңнан астамы тұрғылықты мекен-жайларына жеткізілді, қалған 800-і үйлеріне бірер күнде оралады. Компания басшылығы қолдан келер барлық шараны жасап жатқанын айтқанмен, бұл жұмыстар вирустың таралуына әлі де төтеп бере алмауда.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы

  • Ондағы мекеме қызметкерлерінің әлі де болсын әлеуметтік қашықтықты сақтамауы, бірге болғылары келуі, ортақ темекі тартуға тырысуы, яғни, карантиндік талапты сақтамауынан деп отыр. Бірақ қазіргі кезде шығып жатқандардың көбі сол карантиндік стационарда жатқан азаматтар. 00:29 Ауру ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласынан анықталған екі адам COVID-19 инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда жүрген адамдар.  Олар қазір тиісті бекітілген талапқа сай ем алып жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *