Жаңалықтар

БЮДЖЕТТІ ИГЕРЕ АЛМАЙ ОТЫР

Өңірде 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты игерілмей тұр. Олқылықтар құрылыс, ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, спорт салаларында орын алған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткізген бюджет қаржысының игерілуі, салықтық түсімдер мәселесіне қатысты селекторлық жиында айтылды.    Мәселен, облыс орталығына қарасты Алмалы ауылының жаңа шағын аудандарына электр желілерін тұрғызуға бөлінген қаржыдан 305 млн. теңге, Атырау қаласының сол жағалауындағы КОС құрылысы бойынша 1млрд  300млнға жуық қаржы, ал Ауыл шаруашылығы басқармасында субсидиялауға байланысты 7млн 400 мың теңге дұрыс жұмсалмаған.

Серік ДЕМЕГЕНОВ, Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы

         Бюджет қаржысын игеру мәселесі ай сайын Үкіметте қаралуда. Алайда, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржы игермеуі қайталанып отыр. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржыландыру жоспарларын нақты жоспарламайды, алдын ала талдау жасалмайды, сонымен қатар, мердігерлер де жұмыс кестесін сақтамайды. Қазынашылық тарапынан, біздің тарапымыздан көмек көрсетілгеніне қарамастан, кемшіліктер қайталануда.
        
Биыл төтенше жағдайдың салдарынан бюджетке 59 млрд теңге түспеуі мүмкін. Атырау облыстық кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Сағынаевтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізіміне енгізілген өнімдерді өндіру мен импорттаудағы салық ставкасы да биыл 1 қазанға дейін 8 пайызға  азайыпты. Бұл да қазынға әсер етпей қоймайды.

Ерлан САҒЫНАЕВ, Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
Бірінші сәуірден бастап, жалпыға бірдей тәртіппен жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлерге нөлдік мөлшерлеме қолданылады. Олар жылдың аяғына дейін жеке табыс салығынан босатылады. Бюджет жеке табыс салығы бойынша кәсіпкерлік қызметтен 2,4 млрд теңгеге зардап шегеді.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер жылдың аяғына дейін ауылшаруашылығы бойынша жер салығынан босатылады.


Жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаржыны игере алмай отырғандарды сынады.  Әрқайсысын жеке-жеке тұрғызып, жауап астына алып, қала, аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
        

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *