Биыл Маңғыстаудағы Құрық порты арқылы 1 млн 600 мың тонна жүк жөнелтілген. Яғни Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүктің 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы өтті деген сөз. Жалпы жүк тасымалдаудың ең қысқа жолы – осы порт арқылы өтетін «Орта дәліз» бағыты. Бұл жерде қазір 130-дан астам маман жұмыс істеп жатыр. Оның 60 пайызы жергілікті тұрғын.
