Атырауда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Червона Калина» ХXІІ ұлттық фестивалі өтті. Ұлттық билер биленіп, украин және қазақ тілдерінде ән шырқалды. Фестиваль барысында облыстық, республикалық , халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары, «Хуторянка», «Тропикана», «Топ Дэнс» би ансамблдері мен «Спиваночка», «Любава» вокалды топтары өнер көрсетті. Мерекелік іс-шараға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары әдемі кештің куәсі болғандарына дән риза.
Толығырақ сілтемеде
