Басты ақпаратЖаңалықтар

Бергей Рысқалиевтің анасы өмірден озды

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің анасы қайтыс болды. Бұл туралы Азамат Майтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін маған өмір сыйлаған анамнан айырылдым… Өзімізден де көп қуанып, алаңдаған анамыз өмірден озды… Өмірде тек жақсылып жасап, көптің қамын, отбасымызды ойлаған еді. Анамды Алла тағала панасына алсын», -деді бұрынғы әкім Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, анасы ұзақ жылдар бойы сырқаттанған. Марқұмның сүйегі күйеуі Сәулебайдың жанына жерленеді.
Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласының әкімі, кейін Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы оған аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлады және қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Тергеу бірнеше жылға созылып, сот Бергей Рысқалиевті 17 жылға, ал оның інісі Аманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ ағайындылар бұл уақытта шетелге көшіп кеткендіктен, сот үкімі сырттай шығарылған еді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *