Басты ақпаратЖаңалықтар

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында 4 көлік соқтығысып қалды

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында төрт автокөлік соқтығысып, бір жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 26 қазан күні сағат 14:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 43 шақырымында болған. «КамАЗ», Volkswagen Sharan, Lada және «ГАЗ 330253» маркалы төрт көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты.
«Жол апаты салдарынан Lada маркалы автокөліктің 49 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Жараланған төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу кезінде жарияланбайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *