Басты ақпаратЖаңалықтар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА 3 КҮНДЕ 400-ден АСТАМ АДАМ ӨТІНІШ БЕРДІ

«Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасына қатысуға ниетті атыраулықтардың саны күн санап артып келеді. 15 қаңтардан бері 400-ден астам адамның өтініші қабылданған. Келушілердің көп болуына байланысты құжат қабылдау уақыты кешкі алтыға дейін ұзартылды. Қолжетімді баспана алудан үмітті жандар кезекке ала таңнан бастап тұруға мәжбүр.

Дегенмен, бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің саны одан да көп. Олардың арасында құжаты түгел емес азаматтарға кеңес беріп, ақпараттандыруды күшейтіп жатырмыз дейді мамандар.

Баяғдарлама аясында тұрғындардан құжат 10-ақпанға дейін қабылданады. Оған үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтар өтініш бере алады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *