Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НОҒАЕВТАН СУ СҰРАП, ЖАЗБА ІЛГЕН ТҰРҒЫНДЫ ІЗДЕП ЖАТЫР

Судан әбден тарыққан ақтаулықтар облыс әкімінен көмек сұраудың тың тәсілін ойлап тапты. 4-ші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде және балконында «Ноғаев мырза, су қайда?» деген жазба демалыс күні пайда болып, әлеуметтік желіде тарап кетті. 11 қабаттық үйдің тұрғындары суға жарымай отырмыз деп ашынады. Сондықтан осындай қадамға барғаннан басқа амалымыз қалмады дейді. Су сұраған жазба кешке дейін ілініп тұрды. Кейін оны пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері алып тастапты. Осы жағдайдан кейін шенеуніктер кеп, халықпен тілдесіп, мәселенің шешілетіндігін айтқан. Оларға сенсек, көпқабатты үйдегі су сорғысының дұрыс жұмыс жасамауынан тұрғындар зардап шегіп отыр. Сондықтан су сорғылары қондырылуда.
Толығырақ  https://fb.watch/k-RfBtMKMv/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *