Басты ақпаратЖаңалықтар

8 000 ШАҚЫРЫМ ЖҮГІРГЕН УЛЬТРАМАРАФОНШЫЛАР АҚТАУҒА ЖЕТТІ

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Nomad run жобасының марафоншылары Ақтауға жетті. 25 сәуірде Астана қаласынан шыққан марафоншылар Маңғыстау өңіріне жеткенше 8 мың шақырым жүгіріпті. Желаяқтардың мақсаты — халық арасында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау. Бес адамнан құралған команда бір ай ішінде Қазақстанның Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Атырау сынды 20-ға жуық қаласы мен 100-ден аса елдімекенінен өтіпті. Осылайша Қазақстанның «Гиннестер кітабына» елімізде алғаш рет үлкен қашықтықта жүгіргендер ретінде енді. 33 пен 55 жас аралығындағы команда мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта Меккеге дейін жүгіріп баруды жоспарлап отыр.
Толығырақ: https://fb.watch/kRhi0D0BNF/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *