Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ақпарат орталығы ашылды. Мұнда кез-келген азаматтың заң мәселелері, оның ішінде сотқа талап-арыз беруге дейінгі қызметтер бойынша тегін кеңес алуына мүмкіндігі бар. Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, орталықты ашу арқылы тұрғындар мен сот арасындағы қарым-қатынас уақыты үнемделетін көрінеді. Бұл – облыстағы үшінші орталық. Қазіргі кезде мұнда 14 маман қызмет етеді. Оған дейін мұндай кеңсе Атырау қалалық және Махамбет аудандық соттарында ашылған болатын.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0