Елге қызметЖаңалықтар

…ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Атырауда қарақшылар үй иесін ұрып-соғып, пәтердегі 23 миллион теңгені алып кеткен. Оқиға қаладағы «Томирис» ықшам ауданында орын алды. Түс әлетінде жеке шаруаларымен сыртқа шығып бара жатқан аяғы ауыр келіншекке екі жігіт тарпа бас салып, құлатып, сүйреп пәтерге қайта кіргізеді. Аяқ-қолын байлап, аузына скотч жапсырады. Осы кезде үйге қылмыскерлердің тағы бір сыбайласы — әйел адам кіріп, қомақты қаржыны тапқаннан кейін, үшеуі оқиға орнынан бой тасалайды. Қашып бара жатқан үшеудің әрекеті аталған ықшам аудандағы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қарақшылар қазір қамауда отырған көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *