Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АУЫЛ ХАЛҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

«Тұщықұдық» ауылының тұрғындары наурыз тойын Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінің алаңында сән-салтанатымен өткізді. Киіз үйлер тігіліп, наурыз тойына келгендер бір-бірімен қуана көрісті. Ауылдастар ұйымдастырған іс-шараны арнайы көруге келген аудан әкімі барша ауыл тұрғындарын еңсесі биік елдіктің, бейбітшілік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін ауылдағы барлық мекеме-ұжым мүшелері дайындаған «Жаңа нұр — Жаңа жыл» атты театрландырылған көрініс қойылды. Ән айтылып, күй тартылды, кішкентай бишілер де іс-шараның сәнін келтірді.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/231348912740859

Оқи отырыңыз...

ҚАЛА АУМАҒЫНАН 10 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТРГЕ ЖУЫҚ СУ ШЫҒАРЫЛДЫ

ИСАТАЙ ӘКІМДІГІ АЛЫС АУЫЛДАРДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

КОРОНАВИРУС: ИЗОЛЯТОРДА КІМ БАР?