Жаңалықтар

«АТЫРАУҒА» — 95 ЖЫЛ!

Атырау газетіне 95 жыл! Өңірімізге һәм республикамызға танымал тұлғалардың басын қосқан шара Атыраудың ардақтылары — Жұмекен Нәжімеденов пен Фариза Оңғарсынованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Шара әрі қарай «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ғимаратында жалғасын тапты. Торқалы тойға орайластырып ашылған баспа музейінің лентасын кесуден басталған жиын, шақыртылған қонақтардың ақжарма тілектеріне ұласты.

Ардагер баспагерлер мен өмірден өткен журналистердің пайдаланған қызмет құралдары, жеке заттары қойылған музейде, жалпы саны 100-ден астам журналистік жәдігер бар. Шара әрі қарай медиа орталықтың ашылуымен жалғасты. Бұл жерде баспа саласында көрсетілетін түрлі қызметтерден бөлек, аудандық және қос облыстық газеттің жарық көрген кезінен бергі қарай сандарының тігінділерін электронды нұсқада оқуға болады.

 Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:

 — Медиа порталдың ашылуымен газеттің ғұмырының жалғаса түсетіндігін байқадым. Өйткені әлеуметтік желілер мен ғаламтордың, интернет сайттарының пайда болуы, газет тираждарын белгілі бір деңгейде тоқтатып тастады. Енді мына жерден қарап отырсам, мысалға Атырау Ақпарат медиапорталы бүкіл газеттің материалдарын осы жерге жинақтайды екен, 95 жыл бойына шығып келе жатқан газет тігінділері ПДФ форматында сақталған. Енді тағы бір кереметтігі сол, бұл порталдың мобильді қосымшасы болады. Негізі дәстүрлі медианың болсын, жаңа медианың болсын ең бастауында газет тұр. Газет өлмейді, ол жаңа мүмкіндіктер тудырады.

Медиа орталық соңғы үлгідегі замануи сандық техникамен жабдықталған. Айта кетейік, Атырау газетінің 95 жылдығына арналған іс-шара «Қазіргі қазақ журналистикасы: трендтер мен технологиялар» тақырынбындағы республикалық медиа конференциямен жалғаспақ.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *