Биыл өтетін Ұлттық Халық санағы кезінде Атырау облысында 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Ол үшін бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде тұрған азаматтар және еріктілер тартылатын болады. Оларға қойылатын негізгі талаптар мен міндеттері туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов айтып берді.
Ұлттық санақты өткізу екі кезеңнен тұрады. Маусым айының 1 мен 30 аралығы дайындық кезеңі, екінші негізгі кезең қазан айының 1 мен 30 аралығында. Алғашқы 15 күнде тұрғындардың sanaq.gov.kz арнайы сайты арқылы сауалнама бетшесін толтыруларына болады. Ғаламтор арқылы мәлімет берген респонденттер сауалнамаға қатыспайды. Айта кету керек, қазан айына жоспарланған Ұлттық санаққа бюджеттен 8 млрд 200 млн теңге бөлініп отыр. Атырау облыстық Статистика департаменті мамандарының мәліметінше, соңғы 10 жылда Атырау облысындағы халық саны 135 мыңға артыпты. Аймақ тұрғындарының қазіргі саны 645 мыңнан астам.
Малика Такежанова, Айбек Жаңай , КН