Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Балық аулау мерзіміне өзгеріс енгізілетін болды (видео)

Балық аулау мерзіміне өзгеріс енгізілетін болды.

Бұрын балықшылар мұз түскен уақыттан бастап, Жайық өзенінен 25 сәуірге дейін, ал Каспий теңізінен 9 мамырға дейін су маржандарын аулайтын. Ал, биыл бұл мерзім сәйкесінше, 16-шы және 25-ші мамыр болып өзгермек. Сондай-ақ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары балық аулау күндері кестесінің де өзгеріске ұшырағандығын айтып отыр.

Бұдан өзге балық шаруашылығымен айналысатын өндірістік кооперативтерге бөлінетін лимит мөлшері де өзгеруі мүмкін. Айта кету керек, Атырау облысы бойынша балық аулаумен 18 кооператив айналысады. Оларға 2019 жылы 15 мың тоннадан астам квота бөлініп, 14 мыңға жуығы нақты игерілген. Нәтижесінде, бюджетке 200 млн теңгеден астам пайда түсіпті.

Жанаргүл Бисенова, Айбек Жаңай, КН

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ-БАКУ: AIR ASTANA ОТКРЫВАЕТ ПРЯМОЙ РЕЙС

АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 16.03.2022

БОЛЕЕ 3 ТРЛН ТЕНГЕ ПРИВЛЕЧЕНО В МАНГИСТАУ ЗА 5 ЛЕТ