Жаңалықтар

Атырауда шоқынуға дайындық басталды

Атырау, Caspian News. 19 қаңтарда православ христиандары шоқыну мерекесін атап өтеді.

Атыраулықтар үшін бұл тек христиандардың діни мерекесі емес, денсаулық үшін жасалатын рәсімге айналған. Сол себепті де суға түсуге келетін түрлі ұлт өкілдерінің саны бұл күні аз болмайды. Сондықтан, құтқарушылар қауіпсіздік шараларына кірісті. Биыл шомылатын орын  ретінде 3 жер белгіленіп отыр. Атап айтсақ, Ренко қонақ үйінің маңайы, Тұрғындар қалашығы аумағы мен Баймұқанов-Мечников көпірінің асты. Сондай-ақ, Жылыой, Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарында да арнайы орындар дайындалған.

Асқат ЕРЖАНОВ, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары

           —Қыс мезгілінің ауа райы жылы болғандықтан Жайық бетіндегі мұздың қалыңдығы небәрі 5-7 сантиметрді ғана құрап отыр. Сол себепті де, тұрғындардан сұрайтынымыз сол жердегі құтқарушылар мен ұйымдастырушылардың сөздеріне құлақ асып, суға түсу тәртібін сақтаса. Шомылуға арналған орын арнайы қоршаумен қоршалып, мұзға тек бір адамнан ғана түсетін болады. Яғни, бір адам мен бір құтқарушы. Басқа адамдарды мұзға жібермейміз, себебі мұз өте жұқа болғандықтан сынып кету қаупі бар.

Шоқыну мерекесі күні белгіленген әр орында жедел құтқару жасағы, медицина және жергілікті полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ететін болады.

Жанаргүл Бисенова, Айбек Жаңай, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *