Жаңалықтар

АТЫРАУДА ТЕМІР ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН

Соңғы кездері Атырауда темір ұрлығы көбейіп тұр. Ұрылар кәріз құдықтарының қақпақтарын қолды қылғанымен қоймай, енді темір жол рельстерін де қабылдау бекеттеріне тапсыруға көшкенге ұқсайды. Облыс бойынша, 2018 жылы түсті металл ұрлау дерегі бойынша 80-ге жуық қылмыстық іс тіркеліп, олардың барлығы ашылған. Атырау облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 2017 жылы металл ұрлығы бойынша тіркелген қылмыстардың 42% ашылса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 51%-ге жеткен. Дегенмен Департамент тарапынан жасалып жатқан жұмыстар, қылмыскерлерге тұсау бола алмай тұр. Оның тағы бір дәлелі — 7 қаңтар күні түнде, Береке ықшам ауданында орын алған жағдай. Полицейлер күдіктіні қылмыс үстінде құрықтады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *