Атырауда газ құю бекетіне қарақшылық жасаған екеу ұсталды. Олар арам ойларын түн ортасында іске асырмақ болған.
Қарақшылық әрекеттері сол маңдағы бейне бақылау камерасына түсіп қалыпты. Беттеріне медициналық бетперде киген екі ер адам газ құю бекетіне кіріп, операторды үшкір затпен қорқытып, кассадан 200 мың теңге ақша алып кеткен. Бірақ алысқа ұзамады. 18 және 24 жастағы бұзақылар Атырау қаласының тұрғындары екен. Айта кетейік, бұл жыл басталғалы орын алған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін қаңтар айының басында жанар-жағар май құю бекетінен 268 мың теңге алып бой жасырмақ болған екеуді полциялар ұстаған болатын.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0