Жаңалықтар

АМАНАТ АРҚАЛАҒАН КЕЛІН

Зейнеп Ахметова: Бір үлкен кісі орысшалау келініне менің «Шуақты күндер» дейтін кітабымды беріп тұрып: «Мә, мына кітапты оқы да, Бәукеңнің келініндей келін бол» депті. Сөйтсе келіні айтыпты: «Бәукеңнің келініндей келін болу үшін Бәукеңдей қайын ата керек» деп.

Қазіргі ұрпақ, оның ішінде бойжеткен мен бозбала тәрбиесіндегі кемшін тұс, үлкен мен кішіге көрсетілер құрмет пен ізет. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесу кезінде осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбіді. Одан басқа атақты батырдың келіні жастармен өмірлік тәжірибесі туралы бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты. «Мені халықтың өзі тәрбиеледі. Өйткені халық батырдың келінін көптің бірі ретінде қабылдамай, атаның ізімен жүруге жарайтын тұлғаны көргісі келді. Мен мақтаудан да қорықпаймын. Себебі оның бәрін өзіме емес, атама аударып жіберемін. Ол кісі болмаса, Зейнеп Ахметова ешкім емес» дейді әлемді мойындатқан баhадүрдің келіні. Айта кетейік, шара Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Қатысушылар тәрбие мен өнегеге толы мұндай кездесудің студенттерге өмір бойы рухани азық болатынына сенімді.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *