Жаңалықтар

АЖЫРАСУ АЗАЙМАЙ ТҰР

Атырауда ажырасқандардың саны азаймай тұр. Және жыл өткен сайын жұбымен жараспағандардың саны артып келеді. Солардың бірі — Аяулым Болатова. Күйдім-сүйдім деп жүріп, небары 18 жасында тұрмысқа шығып кеткен ол арада жыл өтпей жатып заңды некесін бұзу туралы тиісті орынға өзі өтініш беріпті.

Ресми ақпаратқа көз салсақ, биыл облыс бойынша некесін заңды түрде тіркегендердің саны төрт мыңның үстіне шыққан. Бірақ, соңғы он айдың ішінде мыңнан астам жұптың жолы екіге айырылыпты. Мамандар арыздың басым бөлігі Аяулым секілді келіншектерден түседі дейді. Оған бірнеше фактор себеп.

Мұндай мәліметке байланысты халыққа қызмет көрсету орталығындағы мамандардың да өз айтары бар. Оларға сенсек, ажырасудың тағы бір себебі – ғаламтор арқылы қосылуға асық болу. Яғни, некеге тұруға электрондық портал арқылы өтініш беретіндер қажетті заңдылықтармен жете таныспайтын көрінеді.

Статистикалық ақпаратқа сенсек, қазір өңіріміздегі әрбір үшінші жұп ажырасуға аарыз береді. Ал, олардың жас шамалары 25 пен 30-дың арасында.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *