Жылыой ауданындағы жағдай күрделі. Жем өзені және оның саласы Құрсай өзегі деңгейінің сағат сайын көтерілуіне байланысты әр жерде бөгеттерді бұзу қаупі туындады.
Қазір халықтың өмірін сақтап қалу мақсатында эвакуациялау басталған. Бүгін түнде Құлсары қаласынан 16 шақырым қашықтықтағы Қарағай елді мекенінің тұрғынлары көшірілсе, таңертеңнен бері аудан орталығындағы «Болашақ» ықшам ауданының тұрғындары эвакуациялануда. Сонымен қатар, Құлсары қаласындағы 20 мектеп онлайн оқу форматына көшті.
Сондай ақ, Атырау мен Құлсары қаласының арасындағы көлік қатынасы тоқтады. Себебі, Атырау –Құлсары тасжолының Шоқпартоғай ауылының маңындағы бөлігін су шайып кеткен. Зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау бойынша 14 пункт жасақталған. Сонымен қатар, Құлсарыдағы қауіпті саналатын 15 учаскені бақылау үшін кезекшілік кестесі бекітілген.
Жылыой ауданы бойынша осы уақытқа дейін 10 шақырымға жуық жаға бекітіліп, топырақ салынған 30 мыңға жуық қапшық осал тұстарға қойылған. Ал тасқынның алдын алу жұмыстарына 64 техника, 5670 техника жұмылдырылды.