Басты ақпаратЖаңалықтар

БИЫЛ АТЫРАУЛЫҚ АҢШЫЛАРҒА 50 000 КИІК АТУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

«Махамбет ауданы аумағындағы қараусыз қалған қоралардың маңы ақбөкеннің қанына бөгіп жатыр. Аңшылар олардың төшкесін алып, ақтарылған ішек-қарнын сол күйі тастап кетеді. Соңғы бір аптадағы жағдай осы. Бізден маза қашты, —  дейді осы маңдағы малшылар.

Осы мәселеге алаңдаған шаруалар Атырау облыстық мәслихатындағы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі, депутат Бақыт Каметовқа хабарласып, көмек сұрапты. «Аңшылар «киік санын азайту дегенді аяусыз қыру» деп түсінген сияқты. Тіпті буаздары да атылған. Жергілікті тұрғындар бұған өте наразы», — дейді депутат.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, аңшылардың әрекеті заңды, қажетті құжаттары бар. Биыл Атырау облысының аумағында 50 мың киікті атуға рұқсат берілген. Мұнымен 6 бригада айналысады. Атылған бір ақбөкен үшін 5825 теңге төленеді. Ал мүйіздерді «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары жинап алып, Алматы қаласындағы бас офиске тапсырады, — дейді олар.

Қазіргі кезде Атырауда облысында киік етін өңдеумен айналысатын үш мекеме жұмыс істеп тұр. Олар «Охотзоопром» кәсіпорнымен келісімге отырған.

Сайын даланы кезген киіктерді ату биыл 10 қаңтарда басталды, ақпан айының соңында аяқталуы тиіс.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *