Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

«Өнегелі әже». Дәл осындай атаумен қалада алғаш рет облыстық әжелер байқауы өтті. Сайысқа қала мен аудандық іріктеу жарыстарынан сүрінбей өткен 8 үміткер қатысты. Байқау шарты бойынша ақ жаулықты аналар өздерін таныстыру, бесік жырын орындау, балалардың қазіргі кездегі сүйікті кейіпкерлерін қоса отырып ертегі айту, тамақ дайындау және қолөнер бұйымдарын жасап, өзара жарысты. Қатысушыларды бағалау кезінде олардың киген ұлттық киімі мен дауыс мәнері де ескерілді. Жалпы жүлде қоры бір жарым миллион теңгеге жуық сайыс облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА 1000-НАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ (видео)

ТОҚАЕВ БИЗНЕСКЕ ЖАСАЛАТЫН «КҮМӘНДІ ТЕКСЕРІСТЕРДІ» ТОҚТАТУДЫ ЖӘНЕ ШОБ-ТЫ СМАРТФОНҒА КӨШІРУДІ ТАПСЫРДЫ

МӘЖІЛІСТЕГІ ТАРТЫС: ДЕПУТАТТАР МОБИЛЬДІ ТАРИФТЕРДІҢ 300 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАУЫН СЫНҒА АЛДЫ