Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Тағы бір мекеме атыраулықтарды сан соқтырды (видео)

Атырау, Caspian News. «Қырып ақша табасың» деп халықты алдаған мекемелердің қатарына тағы біреуі қосылды.

Осыған дейін тұрғындарды «Гарант 24 Ломбард» пен «НұрАли Капитал» ЖШС сан соқтырса, енді «Голд» ЖШС мекемесінен зардап шеккендер де бас көтерді. Тұрғындар қалашығындағы ретро-паркке жиналған олар қазір ізім-қайым жоқ болған компания директорларына үндеу жолдады. Сөздеріне қарағанда, алғашқы жарналары қайтарылса, тәртіп сақшыларына жазған арыздарын кері алмақ.

Қазір облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Гарант 24 Ломбард» пен «Нур-Али Капитал» ЖШС есіктерін мөрлеп тастаған. Компанияларды тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Және шағымданушылардың саны да күннен күнге көбеюде.

Арзу КАРАШ, Нурлан КАНАТОВ Caspian news

Оқи отырыңыз...

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН УАҚЫТТА ІШІМДІК САТАТЫН КӘСІПКЕР АЗАЙМАЙ ТҰР

ЖАЙЫҚҚА 70 МЫҢ ДАНА БЕКІРЕ ТҰҚЫМДАС БАЛЫҚТАРДЫҢ ШАБАҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

Аққулардың жаппай қырылуына қонақ үйдің қатысы болуы мүмкін