Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

Коронавирусті жұқтыру қаупін біле тұра міндеттерін адал атқарып жүрген медицина қызметкерлерінің жалақысы артатын болды.

Яғни, ақ халаттылар көбейтілген еңбекақыны 3 ай бойы ала алады. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, медицина қызметкерлері жұмыстың қауіптілігіне қарай үш топқа бөлініп отыр. Бірінші топтағы, яғни, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері мен орта және кіші медициналық қызметкерлер, реанимация бөлімшелерін қоса алғанда 850 мың теңге үстемақы алады. Провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері одан кейінгі қауіп тобына кіреді.

Оларға қосымша 425 мың теңге төленеді. Ал орташа қауіп-қатер тобына кіретін карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлер, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және өзгелеріне 212 мың теңге үстемақы беріледі.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ CALL ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Маңғыстау тұрғыны пәтерін бүргеден тазалаймын деп көршілерін өлтіріп алды

АТЫРАУДА МАСА УЛАУ ЖҰМЫСЫНА 244 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН