Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Шетелден қайтқан Қазақстан азаматтары елге кіре ала ма?

Шетелден қайтқан Қазақстан азаматтары ел аумағына кіре алады. Және жүк тасымалдайтын, транзиттік автокөліктерді де ел аумағына кіргізу тоқтаған жоқ. Алайда ондағы тауарларды арнайы санитарлық-карантиндік және фитосанитарлық-ветеринарлық қызмет мамандары жіті тексеруден өткізеді. Ал жүк көліктері 1А санатына жататын мемлекеттерден келе жатқан болса, бірден кері қайтарылады. Әзірге мұндай деректер тіркелмеген. Сондай-ақ, белгілі бір талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтарының шекарадан шығуына рұқсат етіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің өкілдері айтты.

Оқи отырыңыз...

Ерге бергісіз еңбекқор әйел

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ВИДЕО)

«ХИУАЗ» СПЕКТАКЛІ ҚАЙТА САХНАЛАНДЫ