Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС ТАРИФІ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Елімізде мобильді байланыс тарифі қымбаттайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Соңғы үш жыл бойы мобильдік операторлар меморондум шегінде байланыс тарифін көтермепті. Енді өсіруді жоспарлап отыр. Бұдан ұялы байланыс сапасы одан әрі жақсарып, интернет жылдамдығының қаншалықты артатындығы әзір белгісіз. Дегенмен былтыр Атырау облыстық сауда және тұтынушылард ың құқығын қорғау департаментіне 50 шақты шағым түскен. Оның тең жартысы «Қазақтелекомға» қатысты болса, қалғаны өзге байланыс операторларының қызмет сапасы мен тарифіне қатысты болған. «Әрі олардың тариф бағасын еш келісімсіз өзгертуі де көпшіктің наразылығын тудырып отыр», — дейді мамандар. Енді олар осы ережеге өзгеріс енгізу үшін Конституциялық сотқа жүгінуді көздеп отыр.

Оқи отырыңыз...

Енді елімізде жаңа туған сәбиге аты-жөнінен бұрын ЖСН беріледі

МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА «TAMYR» РУХАНИ STAND UP ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ В АКТАУ ТОРЖЕСТВЕННО ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ