Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА БАЛАЛАР ҚОҚЫСҚА ТАСТАЛҒАН ШЫРЫНДЫ ІШІП ЖҮР

 

Маңғыстауда балалар қоқысқа тасталған шырынды ішіп жүр. Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының маңына белгісіз біреулер 10 тоннадан астам мерзімі өткен сусындарды тастап кеткен.

Енді қоқыстағы шырынның қызығын балалар көріп жүр. Үлкендердің кейбірі тіпті көлігімен тасып әкетіп жатыр. Ал, елдімекен тұрғындары аталған жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, жауаптылардан көмек сұрады.

Әкімдік өкілдері тұрғындардың шағымы бойынша аталған аумақты тазалап шыққан. Алайда, кінәлілерді таба алмады.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНА 343 МЛРД.ТГ КІРІС ТҮСІРДІ

БИЫЛ «ЕМБІМҰНАЙЭНЕРГО» БАСҚАРМАСЫНА – 25 ЖЫЛ!

ТЕҢІЗДЕГІ ЖҰМЫС ТОҚТАУЫ МҮМКІН БЕ?