Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРГЕ АПАРАР ЖОЛ БОЙЫ КӨПТЕН ТАЗАЛЫҚ КӨРМЕГЕН

Қасиетті жерлерге апаратын жол бойындағы тазалықтың жоқтығы мен азық-түлік бағасының бақылаусыз кетуі Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың титығына әбден тисе керек, қоластындағыларды жинап, бір сыбап алды. Облыс әкімінен сөз естігендердің қатарында облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен Жаңаөзен қаласының басшылығы болды. Басқарма басшысы Дастан Мұратәлиев әдеттегідей өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жасалып жатқан жұмыс туралы айтып, оның ішінде кәсіпкерлерге заңға сәйкес 15%-дан жоғары үстемеақыға жол бермеу керектігін айтып жатқан. Бірақ облыс басшысы оның сөзін шорт үзіп, «сапа үшін жұмыс жасау керек» деді зілмен.

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР САҚ-САРМАТ ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ТАМАШАЛАДЫ

ҮНСІЗ ІНДЕТ: ЕЛДЕ 18 МЫҢ АДАМ ЕСІРТКІГЕ, 100 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ІШІМДІККЕ ТӘУЕЛДІ

Енді қазақстандықтар жол-көлік оқиғасын полициясыз тіркей алады