Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«КТК» МЕН «ТШО» ЖШС-НА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САНКЦИЯ ПАКЕТІНЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

Каспий құбыр консорциумы мен ТШО-ға сервистік қызмет көрсету санкция пакетінен шығарылды. 10-қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігі соңғы санкциялар пакетіне америкалық компаниялардың Ресей аумағында мұнайсервистік қызмет көрсетуіне тыйым салып, сондай-ақ осы саладағы ресейлік 30 шақты компанияны тізімге қосты. Оның ішінде «Газпромнефттің» біздегі еншілес ұйымы «Газпромнефть Казахстан» да бар. Шектеу 27 ақпанда күшіне енеді. Сонымен қатар, 28-маусымға дейін қолданылатын ерекше жағдай ретінде америкалық компанияларға Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) мен «Теңізшевройл» ЖШС-не сервистік қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Екі жобаның да ең ірі акционері – америкалық «Шеврон» компаниясы. Теңіз кен орны бұл корпорация үшін стратегиялық маңызға ие, себебі оның қоры «Шевронның» жалпы ғаламдық қорының 20%-ы. Сол сияқты КТК де маңызды рөл атқарады – өйткені Теңізде өндірілген мұнайдың барлығы дерлік Каспий Құбыр Консорциумының «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбыры жүйесі арқылы экспортқа кетіп жатқаны мәлім. 28 маусымнан кейін ерекше жағдай мерзімі аяқталған соң Трамптың әкімшілігінің қандай қадамға баратыны белгісіз.

Оқи отырыңыз...

ҚАРАШЫҒАНАҚТАҒЫ ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ САРБАЗ ӨЛІМІ: ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІ СОТҚА ТАРТЫЛДЫ

АППАРАТ БОЛМАСА, АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ