Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

КРЕЩЕНИЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Биыл тұрғындар «Крещение» мейрамында қаладағы арнайы қарастырылған үш жерде шомыла алады. Олар Тұрғындар қалашығы, Мечников-Баймұханов көпірінің тұсы және Әйтеке би көшесі бойындағы «Орал» мейрамханасының маңы. Тереңдігі бір жарым метрге жуықтайтын ойықтар қоршалып, келушілердің түсіп-шығуына ыңғайлы болуы үшін сатылар орнатылатын болады. Сондай-ақ, 40-тан аса құтқарушы күшейтілген тәртіпте кезекшілік етпек. Одан өзге 70-тен аса сүңгуірлік жинақ, құтқару кеудешелері мен шеңберлер, автокөлік пен құтқару тақтайшасын жасақтау жоспарланып отыр екен. Мамандардың айтуынша, өткен жылы мереке кезінде облыс бойынша 2000-нан астам тұрғын суға шомылған.

Оқи отырыңыз...

ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА АШЫЛДЫ (видео)

БЕКТЕНОВ ЖЫЛУ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ КӨБЕЙГЕН ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 42 000 БАЛА МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ТЫНЫҒАДЫ