Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ИСАТАЙДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ

Әкімдердің халық алдында кезекті есеп беру жиыны Исатай ауданында өтті. Жиынға Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Серік Шәпкенов қатысты. Аудан әкімі есебінен кейін, жиналған жұрт жасалып жатқан жұмыстарға көңілдері толатындықтарын, дегенмен кейбір ауылдық округтерде шешімін таппай келе жатқан мәселелердің біршама екендігін ескертті. Солардың бірі жалпы ұзындығы 25 шақырымға жуықтайтын ауданішілік жолдардың жайы. Дегенмен, аққыстаулықтар бұл қиындықтан жуықта құтылмайтын секілді. Өйткені, қазір аудан орталығында кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Оқи отырыңыз...

МЕДПОЙЫЗ НАРЫН БЕКЕТІНЕ АЯЛДАДЫ

«ҰРПАҚҚА АМАНАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА БАҒДАР: «ЖАС ӨРКЕН» ЛАГЕРІНЕ 1008 ОҚУШЫ БАРАДЫ