Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕРГЕ ЖАСЫЛ НӨМІР БЕРІЛЕДІ

Caspian News, 11 қараша. Қазақстанда көлік нөмірлерінің жаңа үлгілері мен форматтары бекітілді. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қол қойды.

Нормативтік құжатқа сәйкес, келер жылдан бастап еліміздегі электромобильдерге арнайы жасыл элементтері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастайды.

🟢 Жеке және заңды тұлғалардың электромобиль нөмірлері

Азаматтар мен компанияларға арналған электр көліктерінің жаңа нөмірлік белгілері мынадай форматта дайындалады:

  • Фоны: Ақ түсті;

  • Мемлекеттік рәмдезі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленеді;

  • Өңірлік белгісі: Аймақ кодын білдіретін тұсы жасыл жолақпен ерекшеленеді;

  • Шрифт пен мәтін: Әріптер, сандар және «KZ» халықаралық белгісі қара түспен жазылады.

🚓 Ішкі істер органдарының электр көліктері

Арнайы қызметтік электр көліктері үшін де бөлек мемлекеттік нөмір форматы бекітілді:

  • Фоны: Көк түсті;

  • Өңірлік белгісі: Аймақ кодын білдіретін тұсы жасыл жолақпен өрнектеледі;

  • Шрифт пен мәтін: Әріптер, сандар және «KZ» белгісі ақ түспен жазылады.

Оқи отырыңыз...

ОТБАСЫНАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР МЕН БАҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАПТАР МАҚҰЛДАНДЫ