Жаңалықтар

COVID-19: ҚЫЗЫЛҚОҒАДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Қызылқоға ауданында Covid – 19 вирусын жұқтырған 13 адам анықталды. Сегізі Миялы ауылының тұрғыны болса, бір адам Мұқырда тіркелген.  Қалған төртеуі  «ҚайнарМұнайГаз» ӨБ қарасты «Кенбай» кен орнындағы вахталық қалашықтан шығыпты. Осы жағдайға байланысты Қызылқоға ауданының бас санитарлық дәрігері Миялыға карантин енгізіп, Мұқыр ауылына шектеу қою жөнінде қаулы шығарды.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА, Қызылқоға ауданының бас санитарлық дәрігері

Енді бізде 13 науқас тіркеліп отыр дедік қой. Оның қазіргі таңда 7 Атырау облыстық №2 ауруханаға жатқызылды. Ал қалған науқастар үй жағдайында семтомсыз өтуіне байланысты үй жағдайында карантинде қалды. Енді жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, ол адамдардың біреуі 14 жасқа дейінгі бала тіркеліп отыр арасында. Қалған 12 адам ересек адам болып отыр.

Қазір карантиндік режимге байланысты штаб құрылып, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейтін сенім телефоны іске қосылды. Аудандағы ахуалға байланысты Миялы-Сағыз, Миялы – Қарабау бағытындағы тас жолдарға блок-бекеттер қойылып,  көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынды. Шекаралық посттар жанына арнайы медициналық жабдықтармен қамтылған жылжымалы вагондар орнатылып, жолға шыққан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамылсыз қызмет көрсетуде.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА, Қызылқоға ауданының бас санитарлық дәрігері

— Карантин режимінде көптеген өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлік тарапынан кәсіпкерлерге ауыл терреториясынан шығу кезінде тамақ тасымалдау кезінде, медициналық қызмет көрсету, автокөліктеріне шұғыл көмек көрсету және авариялық құтқару мекемелеріне штабтың келісімімен ғана біздің аудан орталығынан шыға алады. Қалған жағдайда барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жалпы қазіргі таңда эпидемиялогиялық зерттеулер жүргізілуде.

Ендігі жерде аудандағы эпидемиологияллық жағдай тұрақтанса, карантиндік режим маусымның 24-де аяқталады деп жоспарлануда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

0 %