Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БРАКОНЬЕРЛЕР АЗАЙМАЙ ТҰР

Батыс өңірде жасалған браконьерліктің 80 пайызы Атырау облысында тіркеледі. Бұл «Бекіре-2020» балық қорғау акциясы аясында белігілі болып отыр. Жыл сайынғы шара барысында бір айда 700  заң бұзушылық  анықталған. Оның 500-ден астамы мұнайлы өлкеге тиесілі. 50 шақтысы Маңғыстау облысы мен жүзге жуығы Батыс Қазақстан облысында орын алған. Қазір әкімшілік жауапкершілікке тартылған 500 заңбұзушыға жеті жарым миллион айыппұл салынып, 22-сіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Рустем  ҚОРҚЫТОВ, Атырау облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

— Браконьерлерден тәркіленген заңсыз заттардың ішінде 300 балық аулау, 50 жүзу құралы мен 8 көлік анықталды. Және 8 тонна су маржаны,  610 кг бекіре тұқымдас балық, 16 кг-нан астам қара уылдырық тәркіленді.

Жайық арнасы күн сайын сүзіліп, тазартылады. Акция басталғалы өзеннен екі мың жарымнан астам балық аулау құралы табылған. Оның дені моноталшықтан жасалған синтетикалық торлар,- дейді инспекциядағылар.

Оқи отырыңыз...

КОНФЕРЕНЦИЯ К 85-ЛЕТИЮ ФАРИЗЫ ОНГАРСЫНОВОЙ ПРОШЛА В АТЫРАУ

«Жер» в Алматы: из Атырау направлены сотрудники ДЧС и техника

ДИПЛОМДАР ШЕТЕЛДЕ ТАНЫЛАДЫ: СЕНАТ ЮНЕСКО-НЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЛІСІМІН МАҚҰЛДАДЫ