Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

БАСҚА ЖАҚТАН КЕЛГЕН 346 АДАМ ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ДАУЫС БЕРЕДІ

Исатай ауданында 15 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұндағы сайлаушылардың жалпы саны — 15815. ҚР парламенті мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихаттың депутаты атанғысы келетін 47 кандидат тіркелген. Қамысқала ауылындағы №128 сайлау учаскесінде 1297 сайлаушы бар. «Оңтүстік шығыс Новобогат» кен алаңында ауысымдық қызметте жүрген 84 адам осы учаскеде дауыс бермек.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/3452421305009185

 

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕКРЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ОРТАША МӨЛШЕРІ 1,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІҚазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шығарған мәліметі осыны көрсетіп отыр. Бұл әлеуметтік төлем түрі жүктілік пен босануға, немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған заңды түрде жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлемнің нақты мөлшері үміткердің соңғы 12 ай ішіндегі ресми орташа айлық табысы негізінде жекелей есептеліп беріледі. 👶 Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы Мемлекет тарапынан балалы отбасыларды қолдау мақсатында нәрестелі болған ата-аналарға (жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан) берілетін тікелей жәрдемақы түрлері бекітілген: 🧑‍🍼 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 164 350 теңге; 👨‍👩‍👧‍👦 4-ші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге. 🍼 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы төлем Бала өсіп, 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы қаржылай көмектің де өзіндік есептелу ерекшеліктері бар: 📊 Есептелу тәртібі: Жұмыс істейтін аналар (немесе бала күтіміне шыққан әкелер) үшін бұл төлем олардың соңғы екі жыл (24 ай) ішіндегі орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеліп төленеді. 💳 Қазіргі орташа мөлшері: Қазақстанда бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты беріліп жатқан бұл ай сайынғы төлемнің орташа көрсеткіші 86 062 теңгені құрап отыр.

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚТАУДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНДА ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

17 АДАМ УЛАНЫП ҚАЛДЫ