Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Caspian News, 19 тамыз. Қазақ тілін латын әліпбиіне толық көшіру үдерісі уақытша кейінге қалдырылды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл қадам жаңа әліпби мен емле ережелері толық әрі ресми бекітілгеннен кейін ғана қайта жалғасады.

Бұған дейін латын графикасына көшуге бөлінген бюджет қаражаты пайдаланылмай, қайтадан мемлекет қазынасына қайтарылған.

🔬 Әліпбиді жетілдіру жұмыстары

Қазіргі уақытта ғылыми ортада әліпбидің соңғы нұсқасын пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бул бағытта:

  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты;

  • «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы;

  • Елдегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен лингвист-мамандары еңбек етуде.

⚠️ Мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ескерту

Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа әліпби мен емле ережелері ресми түрде бекітілгенге дейін барлық әкімдіктерге, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға латын қарпіндегі маңдайшаларды, көрнекі ақпараттар мен маңдайша жазуларын қолданбауды ұсынды.

Оқи отырыңыз...

В Атырауской области изберут акимов двух районов: имена кандидатов

УЛАНЫП, ҚАЙТЫС БОЛДЫ

МАСА УЛАУҒА 127 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ (видео)