Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ЗАНДЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

Caspian News, 14 тамыз. Қазақстан Оңтүстік Кореяның Жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS — Employment Permit System) 18-ші қатысушы мемлекет болып енді.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Келісім қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде еңбек етуге, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан толық қорғалуға мүмкіндік береді.

🗓️ Жүйенің іске қосылу мерзімі мен дайындық жұмыстары

Қазақстандық жумысшыларды тарту 2028 жылдан бастап жоспарланып отыр. Оған дейін екі ел арасында мынадай ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады:

  • EPS-TOPIK орталығы: Елімізде корей тілі бойынша арнайы тестілеуден өтетін ресми EPS-TOPIK орталығы құрылады.

  • Тілдік талап: Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасу үшін азаматтар корей тілі бойынша міндетті емтихан тапсыруы тиіс.

  • Ұйымдастыру процесі: Жүйені толық іске қосу үшін барлық институционалдық және заңнамалық процедуралар аяқталады.

Оқи отырыңыз...

БІРЕУІ ДЕ ҚАЛМАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КИКБОКСИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛҒАН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ШУ ШЫҒАРДЫ