Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандықтарға өтемақы төлене ме – Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

 

Әлеуметтік желілерде өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат тарады.

Әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

«Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», — деді миистрлік өкілдері.

Оқи отырыңыз...

Uğur Hekayələri: Pinco Müştəriləri Azərbaycanda

roman_support

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҚҰЛСАРЫДАҒЫ ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН «БОЛАШАҚ» ЫҚШАМ АУДАНЫ ХАЛҚЫНЫҢ АЙТАРЫ КӨП