Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАҢА АС МӘЗІРІ ЕНГІЗІЛДІ: ҚАНТ ПЕН ТҰЗ КӨЛЕМІ ЕЛЕУЛІ АЗАЙДЫ

Caspian News, 2 қыркүйек. 1 қыркүйектен бастап еліміздегі білім беру ұйымдарында оқушыларға арналған жаңа ас мәзірі қолданысқа енгізілді. Жаңа стандарттар балалардың жас ерекшелігі мен физиологиялық даму қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

Тұжырымдаманың басты мақсаты — өскелең ұрпақтың дұрыс әрі салауатты тамақтануын қамтамасыз ету.

🚫 Негізгі өзгерістер мен шектеулер

Жаңа талаптарға сәйкес мектеп рационында келесідей өзгерістер жасалды:

  • Қант пен тұз: Тағам құрамындағы тұз бен қанттың мөлшері барынша азайтылды.

  • Тыйым салынған өнімдер: Тұздалған крекерлер, тәтті өнімдер мен зиянды десерттер ас мәзірінен толығымен алынып тасталды.

🔍 Атыраудағы тексеріс пен мониторинг

Жаңа стандарттардың сақталуын қадағалау мақсатында Атырау қаласындағы №1 және №41 мектептерде арнайы бақылау жұмыстары басталып кетті. Мамандар астың сапасын тексеріп, ықтимал кемшіліктердің алдын алуда.

Айгүл ИСКАКОВА, Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

«Мониторингтар мектеп әкімшілігімен бірлесіп жүргізілуде. Негізгі мақсат — стандартты ас мәзірін қолданудағы олқылықтарды анықтап, оларды жою бойынша ұсынымдар беру. Сонымен қатар, біз «жеуге жарамды» тағам индексін есептеп, оқушылардың ұсынылған ас-орауды каншалықты толық пайдаланатынын қадағалаймыз».

📊 «Жеуге жарамды» тағам көрсеткіші

Өткен оқу жылында Атырау облысындағы мектеп асханаларында тағам қалдығының индексі нөлдік деңгейді көрсеткен. Бұл бекітілген стандарттағы ас мәзірін оқушылардың жақсы қабылдағанын және ұсынылған тамақтың толық желінгенін айғақтайды.

Оқи отырыңыз...

ҚАШАҒАН ДАУЫ: ОПЕРАТОРҒА 2,3 ТРЛН ТЕҢГЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ ТӨЛЕУГЕ 20 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН УАҚЫТ БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛҚОҒАДА ӨТКЕН АЙМАҚТЫҚ ТУРНИРГЕ 500 СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ

ҚОНАҚЖАЙ СТУДИЯ — БАҚЫТГҮЛ БАБАШ