Caspian News, 7 қыркүйек. Қырғызстан Президентінің әкімшілігі 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы командалық есебінде Қазақстан ұлттық құрамасының жеңіске жеткенін ресми түрде мәлімдеді.
Бұған дейін туындаған техникалық есептеу мәселесі Ұйымдастыру комитеті тарапынан толық шешімін тапты.
🤝 ТҮСІНІСПЕУШІЛІК ТОЛЫҚ ШЕШІЛДІ
Келіспеушілік командалық медальдарды есептеу кезінде орын алған болатын. Ұйымдастыру комитеті қайта қарау нәтижесінде Қазақстанның үш спортшысының әрқайсысының медалін бөлек есепке алу туралы әділ шешім қабылдады.
Қырғызстан Президентінің әкімшілігі:
«Жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан иеленді. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!».
🥇 ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ НАҚТЫ НӘТИЖЕСІ
ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми дерегінше, еліміздің ұлттық құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын рекордтық медаль қоржынымен аяқтады:
-
32 — «алтын» медаль;
-
74 — жалпы жеңіп алынған медальдар саны.
Қазақстан спортшылары көшпенділердің дәстүрлі спорт түрлерінен жоғары шеберлік пен мықты дайындықтарын тағы бір мәрте әлемге паш етті.
