Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда — жол апаты: Адам шығыны бар ма?

5 наурыз күні сағат 23:50 шамасында Сатпаев- Құрманғазы көше қиылысында Toyota Camry және  Toyota Hilux автокөліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.

 Жол апатының салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 2004 жылы туған жолаушысы қысылып қалған. Оны апаттық құтқару жасағының қызметкерлері шығарып алып,  2004 жылы туған екінші жолаушысымен бірге Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА МАСА УЛАУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ: ТЕНДЕР ҚҰНЫ 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

АЛМАТЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨРТЕНГЕН МӘЙІТІ ОБЛЫС АУМАҒЫНАН ТАБЫЛДЫ, КҮДІКТІ РЕТІНДЕ ӘЙЕЛІ МЕН ҰЛЫ ҰСТАЛДЫ

«100 АУЫЛ» ЖОБАСЫ: ЖАҢАӨЗЕНДЕ ӨТКЕН МАРАФОНҒА 200 ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ