Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда жоғалған бала кәріз құдығынан табылған

19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының 30 жастағы тұрғыны хабарласқан. Айтуынша, 20 минут бұрын 5 жастағы ұлы жоғалып кеткен.
Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған.
Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған. Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын ескеріп, полицей өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне зақым келтірмей құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кеткен.
Қазір баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.

Оқи отырыңыз...

282 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЗҒЫР ЖОЛЫ 2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АЯҚТАЛАДЫ

ЖЫЛЫОЙДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ 200-ДЕН АСТАМ АЗАМАТҚА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ПАРИЖГЕ КӨЛІКПЕН БАРМАҚ АТЫРАУЛЫҚ АЗАМАТ ЖОЛ-ЖӨНЕКЕЙ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕМЕК