Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Атырауда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап кеткен келіншек ұсталды

Атырау, Caspian News. Облыс орталығы мен кейбір аудандарда оқу орталығын ашып, ата-аналарды алдап кеткен келіншек ұсталды.

https://youtu.be/FQDKWEaGxO4

26 жастағы Орал қаласының тұрғыны уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін келіншекке алданған ата-аналар туралы айтқанбыз. Кәсіпкер қаланың бірнеше ықшам ауданынан түрлі атаумен оқу орталықтарын ашып, алдын-ала ақша жинап алған. Алайда қызмет көрсетпестен, түрлі сылтаумен орталықты жауып тайып тұрыпты. Алданған жұрт енді қаржысын қайтара алмай жүр. Араларында келіншектің қолына 100 мыңнан бастап 1 миллион теңгеге дейін ұстатқандар да бар. Айтуларынша, Атырау облысы бойынша осы келіншекке алданғандардардың саны 500-ге жуықтауы мүмкін. Бірақ, полицейлерге тек 20 шақты ата-анадан арыз түскен.

Оқи отырыңыз...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ БЫЛТЫР 31 359 ЗАҢСЫЗДЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Тұрғын үйге барып соғылған Toyota көлігінің жүргізушісіне қатысты сот шешімі шықты (видео)

ҚАРУЛЫ ТОП МАҢҒЫСТАУ ЖЕРІНЕ ЗАҢСЫЗ КІРІП, ХАЛИФАТ ОРНАТУДЫ КӨЗДЕГЕН