Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА 300 БАЛАҒА АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Атыраудағы Салтанат Сарайында ҚР Президентінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылып, оған ата -анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, төтенше жағдай мен жазатайым оқиға кезінде ерлік жасаған, ерекше білім беруді қажет ететін, халықаралық, республикалық білім додасында топ жарып жүрген, оқуда озат атанған 300 бала қатысты. Балаларды аймақ басшысы Серік Шәпкенов құттықтап, әрқайсысына мемлекет басшысы атынан тәтті салынған қорап пен 120 000 теңге тарту етті.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯЛАРЫ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КАДРЛАРМЕН АЛМАСТЫРУҒА МІНДЕТТЕЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕКРЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ОРТАША МӨЛШЕРІ 1,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІҚазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шығарған мәліметі осыны көрсетіп отыр. Бұл әлеуметтік төлем түрі жүктілік пен босануға, немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған заңды түрде жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлемнің нақты мөлшері үміткердің соңғы 12 ай ішіндегі ресми орташа айлық табысы негізінде жекелей есептеліп беріледі. 👶 Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы Мемлекет тарапынан балалы отбасыларды қолдау мақсатында нәрестелі болған ата-аналарға (жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан) берілетін тікелей жәрдемақы түрлері бекітілген: 🧑‍🍼 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 164 350 теңге; 👨‍👩‍👧‍👦 4-ші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге. 🍼 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы төлем Бала өсіп, 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы қаржылай көмектің де өзіндік есептелу ерекшеліктері бар: 📊 Есептелу тәртібі: Жұмыс істейтін аналар (немесе бала күтіміне шыққан әкелер) үшін бұл төлем олардың соңғы екі жыл (24 ай) ішіндегі орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеліп төленеді. 💳 Қазіргі орташа мөлшері: Қазақстанда бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты беріліп жатқан бұл ай сайынғы төлемнің орташа көрсеткіші 86 062 теңгені құрап отыр.

ОБЛЫСТЫҢ БАС ҰСТАЗЫ ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ