Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 5 АЙДА 303 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ БОЛДЫ

Атырау облысында осы жылдың 5 айында 303 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал 2023 жылдың алғашқы 5 айында бұл көрсеткіш 176-ны көрсеткен еді. Яғни, өңірдегі тас жолдарда  жол-көлік оқиғасы 2 есеге артқан. Бұл туралы «Жолда қабылдау» акциясы кезінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комиететтің Атырау облысындағы қызметкерлері айтты.

Профилактикалық іс-шараға «Қазавтожол», «Кажсервис» мекемесінің өңірдегі мамандары, полицейлер мен арнайы прокурорлар қатысты. Олар «Атырау-Доссор» трассасында жүргізушілерді тоқтатып, жол ережесін сақтауға шақырды. Үнпарақ таратып, жол белгілеріне бағыну керектігін еске салды.

Оқи отырыңыз...

«АҚЫЛДЫ» ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ 2032 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨЗГЕРМЕЙДІ

АҚТАУДА СТОМАТОЛОГТАРДЫҢ ЕМІНЕН КЕЙІН 9 ЖАСАР БАЛАНЫҢ ЖАҚ СҮЙЕГІ ШІРІП КЕТТІ: ЕКІ ДӘРІГЕРГЕ ҚАТАҢ СӨГІС БЕРІЛДІ