Caspian News, 23 тамыз. Елімізде саяси маңызы бар маңызды науқан – алғашқы Құрылтай сайлауы өз мәресіне жетті. Сағат 20:00-де дауыс беру учаскелері жабылып, сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кірісті.
Атырау облысы бойынша құрылған 278 сайлау учаскесі де белгіленген уақытта жұмысын аяқтады. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала берген мәліметіне сәйкес, атыраулық сайлаушылардың 70,74 пайызы өз таңдауын жасап, саяси науқанға белсене қатысқан.
ОСК деректеріне сүйенсек, республика бойынша сайлаушылардың жалпы белсенділігі 74,19 пайызды құрады. Ел бойынша барлығы 9 352 151 азамат дауыс беру құқығын пайдаланып, бюллетень алған.
Өңірлер арасындағы белсенділік:
-
Көшбасшы өңірлер: Азаматтардың дауыс беру белсенділігі бойынша көшті Түркістан облысы бастап тұр. Сондай-ақ жоғары көрсеткіштер Жетісу (91,19%) мен Қызылорда (90,75%) облыстарында тіркелді.
-
Төмен көрсеткіш: Республиқалық маңызы бар Алматы қаласының тұрғындары саяси науқанда ең төмен белсенділік танытты — мұнда сайлаушылардың 43,23 пайызы ғана дауыс берген.
Қазіргі уақытта барлық учаскелерде дауыстарды санау процесі жүріп жатыр. ОСК алдын ала қорытындыны жақын арада жариялайды.
