Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауға өзге облыстан келген мұғалімдерге пәтер берілді

Батыс Қазақстан облысынан келген екі отбасы Атыраудан үйлі болды. Оларға баспана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің арнайы жобасы бойынша берілді.

Оралдық Ержан Егімбай қазір Әбіш Кекілбаев атындағы №41 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ береді. 11 жыл еңбек өтілі бар мұғалім байқауға қатысып, іріктеуден өткеннен кейін Атырау қаласына жолдама алған. Осылайша, қала орталығынан үш бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды.

 19 жыл еңбек өтілі бар Гүлжан Борамбаева да байқаудан өткен ұстаздардың бірі. Ол да әріптесі Ержан Егімбаймен көрші тұрмақ.

Гүлжан БОРАМБАЕВА, №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі

 Осындай бағдарламаның шыққанын былтыр естідім. Содан кейін биыл тамыз айында конкурсқа қатыстым.  Өте қуаныштымын. Бұл – ұстаздарды қолдау, білім саласына үлкен мән беру деп ойлаймын. Себебі, мамандар жетіспейтін осы төрт облысты атап көрсеткен болатын. Қолдауларыңызға көп-көп рахмет! Өте қуаныштымыз.

Аталған республикалық жоба 2022 жылы басталды. Бағдарлама бойынша іріктеуден өткен ұстаздар Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарына жіберіледі. Бұл өңірлерге математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет.

 Білім беру басқармасы басшысының айтуынша, пәтерақысы  мемлекет қаражатынан төленеді. Әзірге өзге өңірден келген 6 ұстазға жаңа пәтер кілті табысталды. Алда тағы 4 мұғалім 15 желтоқсанға дейін баспаналы болады дейді Ерлан Сламбеков.

Оқи отырыңыз...

МАҢҒЫСТАУ — ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ: 2026-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАР

CHELSEA STEP CLOSER TO BUILDING NEW £1 BILLION

CNTV

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ: СІМ ҚАЗАҚСТАНДА БОСҚЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР САЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРДЫ